Асқақ абырой жолында
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде Қазақстанда Үкіметті жасақтауда Парламенттің ролі күшейтілетінін және Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беретінін айтты.
Ұлт көшбасшысы бұдан былай бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретінін, ал, Парламент үлкен күшке ие бола отырып, бұл мәселелердің қалай шешілетіндігін бақылайтынын атап көрсетті. Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Сондықтан, Ата Заңымыз – Конституцияның 40 шақты бабына өзгерту енгізілетіні мәлім болды.
Бүгінгі таңда әлем өзгеріс үстінде. Заман ағымына сай елімізге тиімді мемлекеттік басқару жүйесін енгізу қажеттігін сезінген Елбасы Н.Назарбаев өз өкілеттіктерімен бөлісуге шешім қабылдады. Абыройлы Парламент, есепті Үкімет құру жолында бірге жұмыс істеуге, Қазақстанды демократиялық жолмен дамытуға ат салысуға шақырды.
Ж.КЕҢЕСОВ.
ПРИОЗЕРСК қаласы.