Жаңалықтар

Қаржыландыру көлемі артты

2021 жылы облыста ауылдық денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 13,5 млрд. теңге жоспарланған. Былтыр бұл сома 9,6 млрд. теңге болған. Жыл басынан бері көрсетілген көмекті төлеуге 10,2 млрд. теңге бағытталды. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қаржыландыру көлемі артты», – деп хабарлады Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды филиалының баспасөз қызметі.

Аймақта ауыл халқына, оның ішінде, медициналық көмек аудандық тоғыз орталық ауруханада көрсетіледі. Бұл қызмет қатарында стационарлық көмек те бар. Егер ауылдық медициналық ұйым науқасқа консультациялық-диагностикалық көмектің қандай да бір түрін көрсете алмаса, ол оны осы тексеріс өткізуге мүмкіндігі бар басқа мекемеге жіберуге міндетті. Жолдама бірлесіп орындау шартымен жүзеге асырылады. Аудан тексеріс өткізуге мүмкіндігі бар басқа мекемеге жіберуге міндетті. Жолдама бірлесіп орындау шартымен жүзеге асырылады. Аудандық аурухананың қаражатымен төленеді. Медициналық сақтандыру қоры шарт арқылы осы мақсаттарға қаржы бөледі.

– Шалғайдағы және жетуге жолы қиын ауылдық аудандарда тұратын азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және арттыруға көп көңіл бөлінеді. 2021 жылы жылжымалы медициналық кешендердің жұмысына 503,5 млн. теңге бөлінді. Облыстың алты медициналық ұйымында жабдықталған, зертханалық және функционалдық зерттеулерге арналған арнайы көлік бар, – дейді Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button