Жаңалықтар
Қарызын төлей алмай жүргендер банкроттыққа өтініш бере алады
Қазақстандықтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады, деп хабарлайды ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Азаматтар банкроттықтың негізгі үш түрін рәсімдей алады: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға шешім қабылдаған борышкер мыналарды білгені дұрыс:
5 жыл бойы қарыз және микрокредит алуға тыйым салынады (ломбард тардың микрокредиттерін алуды қоспағанда );
Қайта банкроттық болу 7 жыл өткен соң ғана мүмкін болады;
Банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына банкроттықтан кейін 3 жыл бойы мониторинг жүргізілетін болады.