Бас тақырыпБасты тақырыпДін-діңгек

Қарызын қайтармай, сапарға шыққан адамға не болады?

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының айтуынша, сапарға шығудың өзіндік әдептері бар. Соның бірі – қарыздарды қайтару немесе хабардар ету. 

Сурет islam.kz

–Сапардан шығардан бұрын мүмкіндігінше қарыздарды қайтарып кеткен абзал немесе жағдайыңызды көркем түрде түсіндіріп, қарыз берушінің разылығын алған дұрыс. Өйткені сіздің сапарға шығуыңыз қарыз беруші бауырыңызды немесе танысыңызды түрлі ойларға жетелеуі мүмкін. «Сапарға шығатын ақшасы бар екен. Әуелі қарызды қайтарып алмай ма?» деген сұрақтар оның ойына келмейді деп айта алмаймыз, – дейді Естай Айтуғанұлы. 

Бас имамның сөзіне сүйенсек, сапардан бұрын ата-ананың разылығы мен батасын алу да маңызды. Өйткені ата-ананың разылығын алу Алланың разылығын алумен бірдей.

–Ата-анаға құрмет көрсету – пайғамбарлар өсиет еткен, жұмаққа жетелейтін ұлы амал. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде кім күнін Алла ризалығы үшін ата-анасына бойсұнған күйде бастаса, оған екі бірдей жәннаттың есігі ашық болады, егер біреуі тірі болса, бір есігі ашық болады…» – деген. Өмірде жетістікке жеткен тұлғалар үйінен шығарда міндетті түрде ата-анасының батасын алып шығады екен. Олардың айтуынша, сол күні ойға алған жоспарлары орындалады, – дейді бас имам. 

Аяулым СОВЕТ

 

Басқа материалдар

Back to top button