Ресми

Қарызын 3 ай бойы төлемегендерге несие берілмеуі мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктегі қарызын 90 күннен аса төлемеген азаматтарға несие беруге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Qazaqstan.tv телеграм каналына сілтеме жасап.

– Банктік қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі күнтізбелік 90 күннен асатын жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруге тыйым салынады, – деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған жобада

Агенттік мұндай бастама азаматтардың көп қарыздануының алдын алуға бағытталған деп түсіндірді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button