Қарыздан қажығандарға үміт сыйлайтын жоба
Қарағанды облысында жүздеген отбасы «Қарызсыз қоғам» («Общество без долгов») жобасының мүмкіндіктерін пайдаланып, қарыздарынан біршама құтылуда. «Amanat» партиясы қолға алған бастаманың басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған азаматтарға қаржылық тұрақтылықты қайта орнатуға жәрдемдесу. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба әр қатысушыға жекелей тәсіл ұсынуымен ерекшеленеді. Алдымен азаматқа жұмыс табуға қолдау көрсетіледі, содан кейін қарыз мәселесін шешудің тиімді жолдары қарастырылады. Мұндай шешімдер төлем кестесін қайта қараудан бастап, банкроттық рәсіміне дейін әртүрлі болуы мүмкін.
Мәселен, Осакаров ауданында бір отбасының сегіз микронесие бойынша 800 мың теңге қарызы және 1,5 миллион теңге банктік несиесі болған. Шарасыз қалған отбасы «Amanat» партиясына жүгінген. Жоба аясындағы оқудан соң заңгерлер банкрот деп тану туралы өтініш беруге көмектесті. Сонымен қатар әйелге де, оның жұбайына да жұмыс табылды, отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.
Қазір олар қарыз құрсауынан құтылып, тек несиеге үміт артпай-ақ жаңа өмір бастауға болатынына сенімді.
Осындай оқиғалар аз емес. Бүгінде облыс бойынша жобамен 22 мыңға жуық адам қамтылған, олардың басым бөлігі қарыз мәселесін шешіп үлгерді.
90 күннен артық өтелмеген қарызы бар кез келген азамат «Amanat» партиясының филиалдарына, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне немесе ауылдық әкімдікке жүгіне алады.
Жоба туралы толық ақпарат пен кеңесті мына телефондар арқылы алуға болады:
Қарағанды: (8-7212) 95-56-01
Саран: (8-72137) 7-90-77
Теміртау: (8-7213) 95-55-55
Балқаш: (8-71036) 4-40-61
Шахтинск: (8-72156) 3-59-47
Приозёрск: (8-71039) 5-26-94
Абай ауданы: (8-72131) 4-22-24
Ақтоғай ауданы: (8-71037) 2-16-84
Бұқар жырау ауданы: (8-72154) 2-10-38
Қарқаралы ауданы: (8-72146) 3-18-99
Осакаров ауданы: (8-72149) 4-13-74
Нұра ауданы: (8-72144) 2-26-55
Шет ауданы: (8-71031) 2-13-38
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА