Бас тақырып

Арыстағы жарылыс: Қарағанды облысында шұғыл желі ашылды

Арыстағы жарылысқа байланысты Қарағанды облысында жедел желі ашылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Түркістан облысының Арыс қаласындағы №44859 әскери бөлімінде орын алған өртке байланысты Қарағанды облысында ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін 8(7212) 43-00-54 нөмірі бойынша «шұғыл желі» құрылды”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері Арыс қаласына жақын маңда орналасқан  ҚР ҚК арсеналдарының бірінде оқ-дәрілер сақталған ғимараттан өрт шыққанын хабарлаған болатын. Апат салдарынан  қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберді, Қарулы Күштер жеке құрамының күші апат салдарын жою және азайту бойынша іс-шаралар ұйымдастырып жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button