Ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы қазақ әйелінің есімі белгілі болды
Қазақстаннан ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы әйел белгілі болды. “Кәсіпкер Дана Қарағұсова New Shepard кемесінің экипажы құрамына кірді. Америкалық Blue Origin компаниясы осымен 36-мәрте туристерді орбитаға алып шығады” деп хабарлайды ortalyq.kz сайты kz.kursiv.media -ға сілтеме жасап.

Қарағұсовамен бірге ғарышға кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негісіз қалаушы Аарон Ньюман, украин кәсіпкері Виталий Островский және тағы бір жолаушы көтеріледі. Ол аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрді.
Дана Қарағұсова Instagram-дағы парағы ғарышқа сапары жайлы былай деп жазды:
«Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Жаңа көкжиектерді бағындыру арқылы біз технологияларды ғана дамытып қоймай, жеке мүмкіндігіңізді кеңейте түсеміз. Мен үшін Blue Origin-нің NS-36 миссиясы – зерттеу жобасының бір бөлігі, сонымен бірге ұзақ жылдар бойы талпынып келе жатқан арманыма жақындай түсу», – деп жазды болашақ ғарыш турисі.
Дана Қарағұсова 25 жылдан астам уақыт бойы медиа, дистрибуция және түрлі шараларды ұйымдастырумен айналысқан. Ол Portals, мультимодальды экожүйесінің негізін қалаған. Жүйе өнер мен ғылымды цифрлы тетіктер арқылы біріктіреді. Кәсіпкерліктен бөлек, Қарағұсова альпинист ретінде де танымал. Ол Килиманджаро мен Эльбрусты бағындырған.
NS-36 миссиясы – New Shepard бағдарламасының 15-сапары. Осы жоба аясында Blue Origin ғарышқа 75 адамды алып шықты. Бес жолаушы екі мәрте көкке көтерілген.
Кеме ұшатын күн кейін жарияланады. Сапар BlueOrigin.com сайтында, сонымен бірге әлеуметтік желілер мен YouTube платформасында көрсетіледі.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ