АймақПриозерск

Арулар һәм ала доп

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал бол LIKE» марафоны аясында Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен әйелдер командалары арасында волейболдан турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлжаһан Шәрбекова сөз сөйлеп, спортшыларға табыс тіледі.

– Спорт – баршамыздың денсаулығымыздың кепілі. Айта кетейік, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру мақсатында қаламызда атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес. Кез келген құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділік, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыстар жүзеге асуда. Бүгінгі жарысты ұлт денсаулығын нығайту, жемқорлыққа қарсы акциялары аясында ұйымдастырып отырмыз, – деді Гүлжаһан Шәрбекова.

Ойын нәтижесінде бірінші орынды «Искра» командасы 03080 ә/б иеленсе, жүлделі екінші орынды №2 орта мектеп командасы қанжығалады. Ал, үздік үштікті №1 орта мектеп командасы түйіндеді. Жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар ұсынылды.

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button