Жаңалықтар

Қару қабылданады

10 сәуірден бастап ерекше өкімге дейін Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов ПБ қызмет көрсететін аумағында халықта заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция басталады.

Шара мақсаты – заңсыз айналымдағы қару-жарақты тәркілеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын-алу болып табылады.

Ерікті түрде қару-жарақты тапсырғандары үшін мемлекет тапсырылған қарудың түріне қарай әрбір бірлікке ақшалай қаражат, яғни 10-нан 100 айлық көрсеткішке дейін сыйақы төлеуді қарастырып отыр.

Сонымен қоса, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Үйлерінде жатқан тіркелмеген заңсыз қаруларын тапсыруға ниеттенген азаматтар аталмыш акцияның барысында аудандық, қалалық Ішкі істер бөлімдеріне, полиция бөлімдерінің қайсысына болсын тапсыра алады.

Барлық сұрақтар бойынша Михайлов полиция бөлімінің лицензиялау және қару айналымын бақылау тобының 44-51-69 байланыс телефонына хабарласуларыңызға болады.

Нұргүл РАХЫМБЕКОВА,

Михайлов ПБ МТАТ жетекші маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button