Білім
		
	
	
ҚарТУ мен Exeter университеті ынтымақтастықты нығайтады
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Ұлыбританияның Exeter университеті өзара әріптестікті дамыту мәселесін талқылады. Кездесу Астанада өткен форум аясында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін өтті.

Келісім аясында тараптар ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды, сондай-ақ «Тау-кен ісі» және «Геология» мамандықтары бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.
Университет өкілдерінің айтуынша, бұл кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Аяулым СОВЕТ



