Жаңалықтар

ҚарТУ Конгжу университетімен келісімге қол қойды

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қазақстан) және Конгжу Ұлттық университеті (Оңтүстік Корея) ынтымақтастық туралы жалпы келісімге қол қойды.

Суреттер: Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінен

Сеул қаласында өткіткен Global Education Innovation Summit 2024 (GEIS) халықаралық саммиті аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының кеңесшісі Ким Джин-Ханың қолдауымен Конгжу Ұлттық университетімен жалпы келісімге қол қойды.

Конгжу Ұлттық университеті 1948 жылы құрылған және қазіргі уақытта Оңтүстік Кореядағы ұлттық және мемлекеттік университеттердің арасында көлемі бойынша 9-шы орында, Чхунчхоннамдо провинциясында (Оңтүстік Корея) орналасқан, Гонджу, Чхонан, Есан және Седжон қалаларында кампустары бар. Конгжу Ұлттық университетіі Оңтүстік Кореядағы жетекші ұлттық зерттеу университеттерінің бірі болып табылады. Конгжу Ұлттық университеті 2014 жылғы Халықаралық білім сапасын қамтамасыз ету жүйесімен (IEQAS) сертификатталған.

Жалпы келісім аясында келесі бағыттар бойынша академиялық алмасулар мен қос дипломдық бағдарламалар қарастырылған:

– «Машина жасау» (бакалавриат, магистратура);

– «Ақпараттық жүйелер» (магистратура);

– «Құрылыс» (бакалавриат);

– «Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» (бакалавриат).

Сондай-ақ, келісім бірлескен ғылыми зерттеулерді және Корей тілін зерттеу орталығын құруды қамтиды.

Аяулым СОВЕТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button