Білім

ҚарТУ-дың 13 оқытушысы республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

2025 жылы өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 13 оқытушысы бірдей жеңімпаз атанып, оқу орнының ғылыми және кадрлық әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Байқауға 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысты. Университеттің ішкі конкурстық іріктеуінің нәтижесінде 28 үміткердің ішінен келесі кезеңге 13 оқытушы таңдалып, олардың барлығы республикалық кезеңнен сүрінбей өтті.

Сурет университеттің баспасөз қызметінен

Байқау барысында электрондық білім беру ресурстары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық ғылыми журналдардағы ғылыми жарияланымдар, патенттер, сондай-ақ оқытушылардың өзге де ғылыми нәтижелері сияқты көрсеткіштер бағаланды. Сонымен қатар, оқытудың сапасына, үміткерлердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

– Бұл – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағандытехникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының жоғары кәсібилігі мен біліктілігінің айқын дәлелі және оқу орнымыздыңғылыми әрі кадрлық әлеуетін дамытудағы жүйелі жұмыстардың нәтижесі болып табылады, – деп атап өтті  ҚарТУ-дің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бекболат Нүсіпбеков.

«2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иелену оқытушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ-дің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button