АймақБілім

ҚарТУ-да 930 әйел ғылым жолында еңбек етеді

Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнін атап өтті. Бүгінде оқу орнында 930 әйел қызмет атқарады. Олардың қатарында 10 ғылым докторы, 78 ғылым кандидаты, 58 философия докторы (PhD) бар. Сондай-ақ 8 профессор, 55 доцент және қауымдастырылған профессорлар (доценттер) еңбек етуде.

Сурет ҚарТУ-дан

2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауында университеттің 13 оқытушысы жеңімпаз атанса, олардың 6-ы нәзік жандылар. Атап айтқанда:

• Жаркевич Ольга Михайловна – «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, т.ғ.к.;

• Саттарова Гульмира Сапаровна – «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD;

• Мадишева Рима Қопбосынқызы – «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD;

• Квон Светлана Сергеевна – «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры, т.ғ.к.;

• Зейтинова Шолпан Бекжигитовна – «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD;

• Алтынай Амангелдіқызы – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD.

Сонымен қатар жуырда университеттің жас ғалымы Алтынай Амангелдіқызы 40 жасқа дейінгі дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды. Аталған стипендия жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға, олардың зерттеу жұмыстарын қолдауға және отандық ғылымның дамуына серпін беруге бағытталған.

Жас ғалымдарға арналған бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың 14-іне әйелдер жетекшілік етеді. Ал жобаларды орындауға қатысып жүрген жас ғалымдардың 51-і – әйелдер.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button