Жаңалықтар

Қарттары белсенді учаске

Ерубаев 44 мекен-жайындағы №20 сайлау учаскесіне 2600 сайлаушы тіркеліпті. Оның 387-сі таңдау жасаған.

Сайлау комиссиясының төрағасы Алмагүл Рақышева «бұл аумақтың қарттары белсенді» деген сипаттама берді. Байқаушы Татьяна Миллер сайлау үдерісінің өте қызу өтіп жатқанына таңданысын жасырмады. Өз кезегінде сайлаушы Соловьева Лариса «елімізде бейбітшілік болса, алмас қамалымыз жоқ» деген тілек білдірді. Ғимараттан шығып бара жатқанымызда адамның рухын оятатын «Қазақстаным – Отаным» әні шырқалып тұрды.

Ерғанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button