Қарттар мен көпбалалы отбасыларға антисептиктер таратылды
Қарағанды кәсіпкерлері төтенше жағдай кезінде жерлестеріне көмек көрсетуге шақыруда. Саран қаласында олар қарттар мен мұқтаж адамдарға, сондай-ақ көп балалы отбасыларға тегін тарату үшін атнисептиктер берді.
Демеуші “Сарань” КЭС ” ЖШС болды. Акцияны Саран қаласының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге арналған қайырымдылық қоры өткізеді. Дезинфекциялау құралдарының әрбір жиынтығына стационарлық пайдалануға арналған литрлік ыдыс және бес қалта антисептигі кіреді.
Сонымен қатар, қорғаныс маскаларын тарату жоспарлануда.
Кәсіпкерлер әлеуметтік қызметтерге көмекке мұқтаж адамдардың тізімін сұрап келді.
– Осындай қамқорлық үшін үлкен рахмет. Қолдау сезінеміз, бұл дегеніміз: біз-біргеміз! – деп акция бастамашыларына тыл еңбеккері Прасковья Бекетова алғысын білдірді.