Бас тақырып

Қарттар күніне орай облыс зейнеткерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсетіледі

Қарағанды облысында 70 жастан асқан 51 мыңнан астам қарияға біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Зейнеткерлерге жергілікті бюджет есебінен 10–20 мың теңге көлемінде қаржы төленіп,  демеушілердің қолдауымен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

Сурет kyn.kz

Қарағанды, Балқаш, Приозерск, Саран, Теміртау қалаларының, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарының зейнеткерлеріне 20 мың теңгеден төленеді. Шахтинскіде – 10 мың теңгеден. Теміртау мен Шет ауданында біржолғы материалдық көмек қазан айында басталады.

Айта кетейік, Балқаш, Ақтоғай, Нұра және Осакаров аудандарында тұратын 70 жастан асқан адамдарға қаражат қарастырылған. Қалған қала-аудандарда төлемдер 75 жастан асқан тұрғындарға беріледі.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысының барлық өңірінде демеушілердің көмегімен қайырымдылық акциялары өткізіледі. Үйде әлеуметтік көмек алатын, сондай-ақ Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына баратын қариялар арнайы дастархандарға және тақырыптық іс-шараларға қатысады. Сондай-ақ азық-түлік себеттері таратылады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button