АймақЖаңалықтар
Қарттар күніне орай 75 жастан асқан қарағандылықтар төлем алады
75 жастан асқан қарағандылықтар Қарттар күніне 20 мың теңгеден алады. Бұл туралы Қарағанды қаласының әкімдігі мәлім етті.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қарағанды қаласының әкімдігі бір реттік төлем береді. 75 жастан асқан қарағандылықтар мерекеге 20 мың теңгеден алады. Әкімдіктің мәліметінше, Қарағандыда 75 жастан асқан 22 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Қаражат зейнеткерлердің жеке шотына аударылады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.