Жаңалықтар

Қарттар күні аталып өтіледі

Қарағандыда Қарттар күні аталып өтіледі. Мереке Орталық мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылмақ.

Көрермендер үшін үрмелі оркестр өнер көрсетеді. Музыканттар ең танымал ретро-композицияларды орындайды. 
– Біздің репертуарға өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бүгінгі күнге дейін кең ауқымдағы музыкалық композициялар кіреді. «Қалалық бақшада» және «Күзгі жапырақтар» вальстері, «Гүлденген мамыр» фокстроты кеңінен танымал, – дейді Қазақстанның Мәдениет қайраткері Владимир Чемов. 
Мерекелік бағдарламасында би байқаулары, викториналар және ретро-дискотекалар бар.Сондай-ақ, зейнеткерлерге тегін балмұздақ таратылмақ. 
Мереке 1 қазан, сағат 17.00-де қайың орманы жанындағы алаңда басталады.

Қазына кеуде қарияларымызды ардақтайық!

Басқа материалдар

Back to top button