Жаңалықтар

Артспорт бойынша үйірмелер қысқарады

Балаларға арналған спорт және шығармашылық үйірмелер саны қысқартылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты.

«Спорт түрлерінің саны 71 ден 30-ға дейін, шығармашылық үйірмелер 59-дан 30-ға дейін қысқарады. Қысқаша түсіндіріп өтейін. Алдымен біз қайталанатын спорт түрлерін топтастырдық. Мысалы, қазір онда үстел теннисі, көзі нашар көретін балаларға арналған үстел теннисі, тірек-қимыл жүйесі зақымданған балаларға арналған үстел теннисі және бейімделген теннис түрлері бар. Бұл секциялардың барлығы өз жұмысын жалғастыра береді. Тек бір ортақ атауға біріктіріледі», – деді Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, жеңіл атлетикадағы жағдай да осыған ұқсас. «Бірақ біз толық алып тастайтын спорт түрлері де бар. Оны өздеріңізге кейін хабарлаймыз», – деді министр.

Басқа материалдар

Back to top button