Жаңалықтар

Артиллерист-офицердің зор жетістігі

Кешегі өткен Ұлы Отан соғысының майдан даласында гитлерлік неміс басқыншыларына қарсы талай ұрыстарды басқарған даңқты қолбасшы, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы: «….Олай болса, ұрысты басқара білу дегеніміз — демек, атысты басқару, траекториялармен, ептілікпен маневр жасау, дұшпанның төбесінен бас көтертпей атып, оны жерге, окоптарының, орларының түбіне тығып жіберу, бетін қаратпау және атыс ұялары амбразураларын қирату, сөйтіп жаудың күшін аяусыз жою, өз күшіңді сақтау деген сөз» – деп, жазып кеткен екен. Дәл осы ұстанымдағы «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің артиллерист-офицерлері арасында 122 мм тіркемелі Д-30 артиллериялық гаубицадан ату жаттығуы өткізілді. Атыс жаттығуы әкери бөлімнің 2021-2022 оқу жылындағы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған болатын.

   Жауынгерлік даярлықтың атыс жаттығуы «Сарышаған» полигонында өтті. Атыс алаңындағы тартысты бәсекеде танкіге қарсы артиллериялық дивизионының командирі подполковник Ө.А. Құланбаев пен командирі майор Д.З. Кадешов алдыңғы қатарлардан ерекше көзге түсті. Әсіресе, 122 мм тіркемелі Д-30 артиллериялық гаубицасымен  артиллериялық № 4 атыс тапсырмасын орындаған майор Кадешов Данияр Закарияұлы алғашқы атыстың өзінде дәл көздеген «командалық бекет» нысанына дәл тигізіп, бірден атып түсірді. Бұл көрсеткішімен дивизион командирі майор Данияр Кадешов өзінің бағынысындағы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген сарбаздарға үлгі бола алады.

   Алдағы уақытта да майор Д.Кадешов басшылық ететін 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионының артиллерист-жауынгерлері жауынгерлік даярлықтарда ерекше көзге түсіп, асқаралы биіктерден көріне беретіндіктеріне сенімдіміз!

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,

Приозерск гарнизонының

баспасөз хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button