Жаңалықтар

Артем Козловский: «Сайлау әділ және ашық өтіп жатыр»

«Қарағанды облысынның сайлау учаскелерінде дауыс беру ашық әрі әділ  өтіп жатыр» деп мәлімдейді «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Артем Козловский.

Оның айтуынша, әр сайлау учаскесінде  2 және 3-тен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын тәуелсіз байқаушылар бар. Бұл   сайлаудың әділ өтуіне мүмкіндік берді.

-Тәуелсіз бақылаушылар сайлау барысын бір сәтке де көзден таса қылған жоқ. Қандай да бір қажеттіліктер туындаған жағдайда да кезектесіп отырды. Яғни, санитарлық тазалау жұмыстарын есепке алмағанда, тәуелсіз бақылаушылар  ұдайы  сол сайлау учаскелерінде болды. Сол себепті де  ешбір заң бұзушылық орын алған жоқ. Сайлау  барынша ашық және жария өтіп жатыр. Тек Теміртау қаласында бір сайлаушыға екі бюлетень берілген  жағдай орын алды. Ал басқа сайлау учаскелерінде бәрі жақсы, – дейді Артем Козловский.

Теміртау қаласында әйел адам ауырып жатқан баласының жеке бас куәлігімен қоса келіп, екі бюлетень алған. Оның айуынша, баласы сайлауға баруға ықылас танытқанымен, денсаулығына қатысты жете алмапты.

-Егер бала ауырса, сайлау учаскесіне келуге денсаулығы жарамаса,  ол алдын ала сайлау комиссиясын ескертуі керек-тін. Сонда комиссия  жылжымалы жәшікпен барып, әділ дауыс беруге көмек жасар еді, – деді Артем Козловский.
Сайлау учаскесіне келген кейбір азаматтар жеке куәліктен басқа құжатын көрсетіп бюлетень беруді талап еткен жағдайлар кездескен. Бірақ сайлау комиссиясы ондай заң бұзушылықтарға жол бермегендігін де ерекше атады. Барлығы заң аясында  жүзеге асқан.

Спикердің мәлімдеуінше, Қарағанды облысында сайлауға қатысушылардың үлесі 56 пайыздан емін-еркін асып жығылмақ. Ол, облыстың кейбір өңірлерінде бұл көрсеткіштің жоғары екеніне сенімді.

Жалпы, Қарағанды облысы бойынша «Партиялық емес бақылау орталығынан» 2500 бақылаушы сайлау барысын қадағалады.  Бұлар тек тәуелсіз байқаушылар саны.  Бұған қоса, үміткерлердің сенімді өкілдері, саяси партияллардың бақылаушылары бар. Сондай-ақ, бұдан бөлек халықаралық деңгейдегі ұзақмерзімдегі, қысқамерзімдегі 16 бақылаушы қатысты. Атап айтқанда, олар Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы мен ТМД бақылаушылары. Ұзын саны Қарағанды облысында  сайлаудың ашықтығын қалт жібермей қадағалаған бақылаушылар саны 6000-нан астам.

Қызғалдақ АСҚАРҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button