АймақБұқар жырау
Қарт анаға құрмет көрсетілді
Наурызнама аясындағы «Шаңырақ» күні отбасылық құндылықтарды, ондағы ынтымақ пен берекені дәріптейтін ерекше күн. Бұл күні салт-дәстүрлеріміз жаңғыртылып, шаңырақ көтеру дәстүрі насихатталып, үлгілі отбасылар құрметтеліп, ұрпақтар сабақтастығы нығайтылады.

Соған байланысты Доскей аулындағы Мәдениет үйінің меңгерушісі Жанар Бекбосынқызы мен осы мекеме қызметкерлері Дариға Рахымқызы, Еркеназ Бұланбаева және ауылдық Ардагерлер ұйымынан Людмила Георгиевна 90 жастағы доскейлік қарт ана Сарқыт Табылдинаның шаңырағына барып, мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын ұсынды. Бұған риза болған кейуана олармен қосыла ән айтып, батасын берді.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



