РесмиТеміртау

«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болып, 1 адам көз жұмды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда, – делінген хабарламада.

Қазір төтенше жағдай фактісі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Басқа материалдар

Back to top button