Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында жұмысшыны тоқ соғып қайтыс болды

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарының бірінде тағы бір оқыс оқиға орын алды. Мердігер ұйымның жұмысшысы қаза тапты. Оқиғаны Қарағанды облысының полиция департаменті растаған.

Сурет: zakon.kz

Оқыс оқиға «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық зауытында болғаны атап өтілген. Оқиға листопрокат цехында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен есін жимастан қайтыс болды. Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мәліметінше өндірістегі адам өліміне әкелген жазатайым оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия тексеретін болады. Бұл жағдайға Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметі түсініктеме берді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мердігер ұйымы қызметкерінің қайтыс болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» – ред.) қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство.
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button