МәселеРесми

«АрселорМиттал Теміртауға» айыппұл салынды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Оrtalyq.kzЭкспресс К Сайтына сілтеме жасап.

– Дерекке сүйенсек, компания салықтық жұмыстар кезінде аванстық төлемдер сомасын төмендеткені анықталған. 2017 жылы мониторинг жүргізу кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасын төмендету байқалды. Әкімшілік кодекстің 278 бабы 3 тармағымен айыппұл салынды. Іс әкімшілік сотқа берілді, – делінген ақпаратта.

Десе де, компания бұл іс-материалдары бойынша сотқа аппеляциялық шағым жолдаған. Бірақ нақты дәлелдерге байланысты айыппұл күшінде қалып отыр.

Басқа материалдар

Back to top button