Ресми

АрселорМиттал Қазақстанды сотқа беруі мүмкін бе?

Қазақстан АрселорМиттал компаниясымен келісімді тоқтату бойынша заң жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сурет: kazinform

– Үкімет АрселорМиттал компаниясымен келіссөз жүргізуді біраз уақыт бұрын бастаған. Біз құжаттарға алдын ала (22 қазан) қол қойдық. АрселорМиттал өз тарапынан қол қою шахтадағы қайғылы оқиғаға дейін болғанын растады. Сондықтан мәміле аяқ астынан жасалды деу – қате. Бұған дейін Үкімет АрселорМиттал компаниясымен біраз жұмыс жүргізді, – деді Қанат Шарлапаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ал АрселорМиттал келісімнен бас тартып, Қазақстанды сотқа беруі мүмкін бе? 

– Қазір АрселорМиттал акционерлерінің құрамынан шыққаннан кейін Қазақстанды одан әрі сот талқылауларынан қорғау үшін егжей-тегжейлі заң жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – дейді ол. – Компанияның атауы өзгереді. Бірақ бұл жағдай бойынша шешім әлі қабылданбады. АрселорМитталдың қазақстандық кәсіпорын акционерлерінің құрамынан шыққаннан кейінгі атауын өзгертуге құқығымыз жоқ. Шынымды айтсам, біз әлі қараған жоқпыз, – дейді Қ. Шарлапаев.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button