АймақҚарағанды

Арнайы ХҚКО-кезекші бөлімдерінің жұмыс уақыты ұзартылды

Қазақстанда кезекші арнайы ХҚКО жұмыс кестесі өзгерді.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

22 қазаннан бастап кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Әдеттегі арнайы ХҚКО-лар бұрынғы кесте бойынша – 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Кезекші арнайы ХҚКО-да көлік құралдарын тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қабылдау сағат 18:00-ге дейін, ал құжаттарды беру –20:00-ге дейін болады.

Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін және сенбіде 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Барлық басқа орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандының кезекші арнайы ХҚКО Тәттімбет көшесі, 709 және Мұқанов көшесі, 5 мекенжайында орналасқан.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button