Жаңалықтар

ҚарМТУ студенті – жеңімпаз

    Ресейдің Томск облысына қарасты Северск қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейтойына арналған бейнелеу өнерінен байқау өтті. Байқауға 16 қаладан 400-ден астам жұмыс түскен.

Халықаралық байқауға қатысқан ҚарМТУ-дың студенті Диана Сейсенбекова «ХХІ ғасырдағы бейбітшілік символы» атты байқауда І орынға ие болды. Оның жетекшісі – ҚР Құрметті сәулетшісі С. Лебедев.

Жұмыстарды бағалау барысында, алдымен олардың тақырыпқа сәйкестігі мен көркемдік сапасы анықталған. ҚарМТУ-дың сәулет-құрылыс факультетінің студенті Диананың жұмысы көркемдік деңгейімен ерекшеленген.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button