Нұра

Арман алға жетелейді

   Осыдан бір ай бұрын Нұра ауданының әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ аудан жастарымен бейресми кездесу өткізген еді. Аталған жиынға Ахмет ауылының тұрғыны, мүмкіндігі  шектеулі азамат Әнуар ІЛИЯСОВ анасымен бірге келіп қатысып, аудан әкімінен заманауи үлгідегі электрлі арба сұраған болатын…

Әнуардың өтініші орындалды. Аудан әкімі аппаратының басшысы Дәулет Серіков  Әнуарға электрлі арба табыстады. Өз кезегінде Әнуар аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

– Менің арманым – электрлі арба еді. Аудан әкімі Ниқанбай Иманғалиұлына алғысым шексіз. Менің өтінішімді жерде қалдырмай, облыс деңгейінде көтеріп, Максим Галиуллин мырзаға дейін жеткізгені үшін ерекше рахмет айтамын. Өзімді атқа қонғандай сезініп отырмын, – деді ол.

Көпбалалы отбасында тәрбие көрген Әнуар – егіздің сыңары. Сыңары Айнұр – студент. Астана қаласында оқиды. Әнуар ата-анасы, бауырларымен бірге үйде. Олар – алты ағайынды. Әкесі Ертай кейінгі алты жылда жүрек талмасы салдарынан еркін қозғалуы ауырлап, ІІ топ мүгедектігіне шыққан. Содан бері тұрмыстың бар ауыртпалығы Әнуардың анасының иығына түскен.

– Әнуар шахмат, дойбы ойнағанды жақсы көреді. Бос уақытында компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жүргізеді, кітап оқиды, табиғат аясына шығып, балық аулап, демалады. «Осы компьютер арқылы табыс тауып, сізге көмек көрсетемін» деп менің де көңілімді аулап қояды, – дейді анасы Салтанат.

Әнуардың қоғамнан оқшауланбай, жұмыс істеуге ниетті талабына разы болдық.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button