Жаңалықтар

Арманға қанат бітірген

Қазіргі қилы-қилы өзгерістер мен жаңалықтарға толы заманда мұғалім сегіз қырлы, бір сырлы болуы қажет деп білемін. Сыныпта қанша бала болса сонша көзқарас, ойлау, меңгеру, қабылдау, түйсік, зейін, қабілет болады. Сол қасиеттерді дәл тауып, әрбір жеке оқушыны адами тұрғыдан тани білу — мұғалімнің шеберлігі.

Қазіргі кезеңде керекті жағдайлардың барлығы жасалған. Тек оны тиімді пайдалану керек. Заман талабына сәйкес оқушыларды тәрбиелеу, терең білім беру, оқыту ісін ізгілендіру әрбір мұғалімнің міндеті. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның көмегімен кез келген сабақты өте сапалы етіп өткізуге болады. Ал оқытудағы әдіс-тәсілдерді өзгерту бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі. Бұған себеп: әлемде болып жатқан, еліміздің білім беру жүйесіндегі қарқынды өзгерістер. Бұдан мұғалімге қойылып отырған талап өте жоғары екендігін көреміз. Соған сәйкес жоғары білім, біліктері бар, салауатты өмір сүруді ұстанатын, өз Отанын, салт-дәстүрлерін сүйетін, мемлекетіміздің тірегі болатындай білімді, саналы, заңдарын түсінетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуді міндеттейді.

Ұстаз дегенде, әрине, ең алдымен өзіміздің мұғалім екендігіміз еске түседі. «Сонда мен осы қандай мұғаліммін?» – деген сұрақ көкейде тұрады. Мектеп жұмысының алға жылжып, оқушы санасының өрістеуіндегі негізгі күш – мұғалімдікі.

Ғалымдардың зерттеулерінде мұғалімге ең алдымен білімнен гөрі ұстанымның керек екендігін айтады. Себебі , білімің асып-тасып тұрса да, егер белгілі бір ұстанымға қарай жұмыс жасамасаң, яғни, өз ұстанымың болмаса, алдыңда отырған оқушыңа өз ойыңды қалай жеткізесің? Сондықтан, «мінсіз мұғалім» атауына лайықты болу үшін ең алдымен ұстаным мен сенім, өмірге деген көзқарасың ерекше болу керек. Мұғалім біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Сонда ғана өз оқушыңның жүрегінен орын аласың.

Бекежан Монғолбай,

Сайрангүл Хархбай,

23 орта мектеп

мұғалімдері.

ОСАКАРОВ аудaны.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button