ЖаңалықтарСпорт

Аргентина — әлем чемпионы

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы жеңіске жетті. Ақтық кезеңде Франция құрамасын пенальти сериясында жеңіп, 36 жыл күткен жеңісіне қол жеткізді. 

Алғашқы таймда аргентиналықтар қос гол салып, алға шықты. Тіпті, 80-ші минутқа дейін осы есепті сақтап келді. Алайда, француздар бір минутта екі голды қатар салып, таразы басын теңестірді. 

Қос тараптың ойыншылары қосымша берілген минутта да есеп аша алмады. Соңы пенальтиге ұласып, 4:2 есебімен ойын аргентиналықтардың пайдасына шешілді. 

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button