Ардакүрең жарады
Жуырда ақбас Алатаудан сайын Сарыарқаға сүйіншілі хабар жетті. Жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ардакүрең ақын Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Қазақ руханиятына қажырлы еңбек сіңіріп келе жатқан қарымды қаламгердің бұл марапаты – Алаш мұраты жолына төккен тердің өлшеусіз өтеуі болатын.
Елбасы Жарлығымен марапатталғандардың ішінде жерлесіміздің желкені желбірегені бізге абырой. Ғалым ақын бұған дейін де Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік наградаларын иеленгенін білеміз. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған ақынның бұл биігі – асқаралы асулар мен бағындырған белестердің сарапталып, болашақ буынға жол нұсқайтын кезеңі.
Мирас АСАН