Жаңалықтар

Ардагерлермен ашық әңгіме

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 15 ақпанда 30 жыл толады. Қаншама жазықсыз жанның өмірін қиған соғыстың нәубеті әлі де ел есінде. Осыған орай Әлихан БӨКЕЙХАН атындағы жалпы білім беретін№76 орта мектепте «Ардақтайық ардагер ағаларды» атты Ауғанстан соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кешке оқушы жастар мен ұстаздар, ата-аналар қатысты.

Қазақтың да талай батыр ұлдары Ауғанстан соғысына қатысты. Оралмай қалғандары да жетерлік. Олардың ерлігі бізге қашан да үлгі.

Кешке – Қожахмет Сағындықұлы, Асылхан Темірғалиұлы, Мұрат Қабышұлы сияқты ардагер ағаларымыз келді. Еркін форматта өткен шараны мектептегі «Жас ұлан» ұйымы ұйымдастырған. Жетекшісі – мектеп тәлімгері Орынгүл Жанұзаққызы.

Шараға қатысушыларға білім ошағының басшысы Мартбек Күзембаев алғыс білдірді.

Оқушылар қонақтарға сұрақтарын қойып, жауап алды. Шара барысында патриоттық тақырыпта өлең оқылып, ән айтылды және күй шертілді. Қонақтар да өз кезегінде бастарынан өткен оқиғалары һәм естеліктерімен бөлісті. Кеш соңында оқушылар қонақтармен естелікке суретке түсіп, қолтаңба алды.

Жәлел ШАЛҚАР

Басқа материалдар

Back to top button