Жаңалықтар

Ардагерлер мен жас сарбаздар бас қосты

6505 әскери бөлімінде Таулы Қарабахтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ардагерлер жас сарбаздармен жүздесті.

Сурет ұйымдастырушылардан

Әскери-патриоттық тәрбие аясында 6505 әскери бөлімінің жеке құрамымен Қарағанды облысы бойынша «Таулы Қарабахтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан жауынгерлік әрекеттер ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Қанат Карасартов, Бауыржан Смагулов, Еркын Мукышев, Рашид Хасенов және Ерболат Дурмаганбетов қатысты.

Іс-шара барысында ардагерлер сол жылдардағы күрделі оқиғалар, сондай-ақ ол кезеңде атқарылған қызметтік-жауынгерлік міндеттердің сипаты туралы әңгімеледі. Олар жас сарбаздарға шынайы әскери өмірдің қиындықтары мен жауапкершілігі, жауынгерлік бауырмалдықтың маңызы, бейбітшілікті сақтау жолындағы ерліктері жайында әсерлі әңгімелер айтты.

Ардагерлердің айтуынша, кез келген жауынгер үшін басты қасиет — Отанға адалдық пен сертке берік болу. Кездесу соңында жеке құрам ардагерлерге алғыс айтып, мұндай тағылымды кездесулердің жас ұрпақ үшін үлкен мәнге ие екенін атап өтті.

ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button