Спорт

Ардагерлер Азия рекордын жаңартты

Жеңіл атлетикадан Филиппиннің Кларк қаласында ардагерлер арасында Азия чемпионаты өтті. Оған облыс атынан қатысқан 3 спортшымыз жүлдемен оралды. Әрі ардагерлеріміз Азия рекордын жаңартты.

Сурет: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Аталмыш чемпионатқа әлемнің 22 елінен екі мыңнан астам спортшы қатысқан. Осы бәсекеде сынға түскен қарағандылық Александр Тиховский үш бірдей алтын медаль еншіледі. Ардагер спортшы әуелі ядро лақтыру сайысында бақ сынап, үздік атанды. Одан кейін найза және диск лақтыру сайысы бойынша сынға түсіп, алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, ядро және найза лақтыру сайысынан Азия рекордын жаңартты.

Ал, Любовь Комкова 60-64 жас санаты аралығында сынға түсті. Ардагер спортшы 400, 800 және 2000 метр қашықтықты кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, үш қашықтық бойынша да алтын жүлдені жеңіп алды. Әрі ол да Азия рекордын жаңартып қайтты.
Сонымен қатар, 4х400 метр қашықтықтағы эстафетада бақ сынаған жерлесіміз Татьяна Мунтян 65-69 жас жас санатында өнер көрсетіп, күміс және қола жүлдені жеңіп алды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button