Жаңалықтар

Ардагерге қамқорлық

Жаңаарқалық майдангерлер жергілікті биліктің ұдайы назарында. Бүгінде ауданда жалғыз Ұлы Отан соғысы ардагері бар. Жақында аудан әкімі Юржан БЕКҚОЖИН ардагер Зейнолла ҚУАНЫШБЕКОВТІҢ шаңырағына арнайы барды.

– Біз қазір бақытты заманда өмір сүріп жатырмыз. Елі­міздің экономикасы, әлеуеті қарыштап дамып келеді. Аудан әкімдігінің қамқорлығына ризамын. Әрбір отбасында бақыт пен қуанышты өмірдің шұғыласы жайнай берсін, – дейді Зейнолла ақсақал.
Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ардағым – ар­дагерім» акциясы ая­сын­да соғыс ардагерінің ауласы қоқыстан тазартылды. Жас­тар ресурстық орталығының мамандары бастаған С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары игі іс­терімен қарияның батасын алды.

Индира АСАМИДАНОВА,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.
ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button