Жаңалықтар

Ардагерден өнеге

Қарағандыда ардагерлердің құрылтайы өтті. Құрылтайда Ауғанстан және Қарабах аймағында әскери борышын өтеген ардагерлерге құрмет көрсетілді. Жас буынға өнеге айтылды.

Жиын барысында ардагерлер қауымы егемендіктің құндылығы хақында ілкімді ойлар қозғады. Сонымен қатар, жиналған жас буын өкілдеріне Отан алдындағы борышты өтеудің маңыздылығын айтты. Көбісі әскерден қашатындарын да тілге тиек етті. Бұл – қоғамның проблемасына айналған.

– Жастарға дұрыс тәрбие бере білуіміз қажет. Бұл – біздің алдымызда тұрған міндет. Жылына бірнеше рет жоғары оқу орындарын, колледждерді, мектептерді аралап, патриотизм жайында дәріс өткіземіз. Жастарымыз әскерге барғысы келмейді дегенді жиі естиміз. Олар Отан алдындағы борышын өтегісі келмесе, елді, жерді келешекте кім қорғайды? Дана қазақ «жау жоқ деме, жар астында» деген. Сол себепті де, ардагерлер белсенді болуы тиіс. Жас буынның тәрбиесіне араласу қажеттілігі туындап тұр, – деді ішкі істер органдарының ардагері Жеңісбек Сүйіндіков.

Осы құрылтай арқылы өзімізді қала, аймақ басшылығына таныс­тырғымыз келеді дейді ардагерлер.

– Аймақ басшылығына ұрпақ тәрбиесінде белсенділік танытуға дайын екенімізді жеткізгім келеді. Жастардың көзіндегі отты жағу қажет. Олар қолдау мен жалынды сөздерге мұқтаж. Өзінің елін, жерін, анасын, қарындасын, жарын қорғайтын мінезді, қайсар жігіттер көбейсе дейміз, – деді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жазыкен ­Томпиев.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button