Жаңалықтар

Ардагер журналист Қасым Орынбетов дүниеден өтті

Арқа баспасөзінің қара нары, ардагер журналист Қасым Орынбетов дүниеден өтті.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қасым Ыхметұлы Орынбетов 1940 жылы 10 ақпанда Ақтоғай ауданы, Жәмші селолық округіне қарасты Қызылқайың мекенінде туған.

Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, қарымды қаламгер Қасым Ыхметұлы 1973 жылдың наурызында «Жезқазған туы» газетіне жауапты хатшы болып тағайындалған. Бойындағы дарыны мен жиған білімі тәжірибемен ұштасқан жас журналист 1978-1982 жылдар аралығында Шет ауданындағы «Ильич туы» газетінде бас редактор қызметін атқарды. Аудандық атқару кеңесінің депутаты және пленум мүшесі болды. Сол кезеңде жазған очерктерімен, портреттерімен, өзіндік стильмен жазылған репортаждары талғамды оқырманды жалт қаратты. Қазақтың арғы-бергі тарихын жақсы білген, ауыз әдебиетін бойына сіңірген, білімді журналисттің мақалалары оқырманның олжасына айналды.

«Ortalyq Qazaqstan» газетінің ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Абыз ақсақалдың алды бейіш, арты кеніш болғай!

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button