Ардагер өнерпаздарын ардақтады
Бұқар жырау ауданындағы «Дәурен-ай» ардагерлер хорының құрылғанына биыл ширек ғасыр толды. Осы уақыт ішінде қариялардан құралған бұл көркемөнерпаздар ұжымы өңір халқын ән мен күйге бөлеп, сан дүбірлі додаларға қатысып, жүлделі орындарды да иеленген.
Міне, оның мерейтойы құрметіне Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғалиев пен аудандық Мәдениет үйінің директоры Қазбек Талашевтің ұйымдастырып, қолдауымен хор мүшелері мен ауылдық көркемөнерпаздар ұжымындағы 42 ардагер Баянауыл аймағында тегін демалып, қайтты. Бұл сапарға оларды Қазбек Талашевтің өзі бастап барып, 16-18 шілде аралығында өнерлі қарттар Жасыбай көлінің суына шомылып, Үңгіртас, Торайғыр мекендеріне саяхат жасап,серуендеп,тамаша тынығып, жүрген жерлерін ән-күй мен думанға бөледі. Аталған хордың старостасы Мәрияш Ибраева осы демалыс үшін аудан басшылығына өздерінің өте риза екенін айтып, алғысын білдіреді.
Ержан ИМАШ,
ortalyq.kz
Бұқар жырау ауданы