Ресми

Ардагер – абырой биігінде!

Ардагер журналист, қарымды қаламгер Сүйіндік Жанысбай «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісінің иегері. Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті.

Сурет С.Жанысбайдың жеке мұрағатынан

Төсбелгі иелері байқау арқылы анықталыпты. Еліміздің түпкір-түпкірінен жүздеген үміткер қатысқан екен. Соның алпыстан астамы ғана айтулы марапатқа лайық деп танылған.

Сүйіндік Жанысбай қаламының қуатын журналистикаға емес, поэзия мен сатира жанрына да бағыштаған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналис­тер одағының мүшесі. 2001 жылы «Ауылымды аңсадым» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Көркем аудармамен де айналысқан. Марио Пьюзоның әлемге тараған атақты «Өкіл әкесін» қазақша сөйлетті.

Қажыр-қайратын аймақтың бас басылымы «Ortalyq Qazaqstan» газетінің өркендеуіне арнаған қадірменді ардагер.

Марапат иесін құттықтаймыз!

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button