Covid-19

Қарашада ревакцинация басталады

Қарашаның үшінші онкүндігінен елде ревакцинация басталады. Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын 6-9 ай бұрын алған қазақстандықтар қайта екпе алады.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп, ревакцинациялау тәсілдерін әзірледі. Ревакцинациядан өту бастапқыда барлығына міндетті емес. Тәуекел топтары, 60 жастан асқан адамдар және медициналық сараптамада коронавирусқа қарсы антиденелері теріс нәтиже көрсеткен адамдар бірінші кезекте алады. Тәуекел топтарына медициналық қызметкерлер, педагогтар, медициналық әлеуметтік мекемелер мен жабық мекемелердің персоналы және контингенті, күштік құрылымдар қызметкерлері жатады.

Қазақстанда вакциналау басталған ақпан айында екпе алған жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне жататын адамдар алғашқы болып салдырады. Ревакцинация үшін вакцинаның 1 дозасы ғана пайдаланылады. Яғни, бір ғана компонент салынады.

Жансая ОМАРБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button