Қараойдағы ой
Қараой.
Бұ жерде ер Махаң жатыр,
білемін.
Осында алған деседі
ақырғы демін.
Ат-шапан қуған жалпаңдар
шапса да басын,
Жасыта алмапты шіркіннің
батыр жүрегін.
Қанатын жаза шырқаған ұшып
аспанда,
Өр қырандықты қулықтың мысы
басқан ба?
Өксікке толып өзегі
Қараой қалған ба,
Өкпесі қара қазан боп
Ықыластарға?
Өткелін бермей тұрғанда
қыр-асу алдан,
Тоқтамай тартып шыққан ба
ұлы асыл арман?
Есітіп күйін, кеп тұрмын,
киесі тылсым
Қараойдан қасқыр тағдырдың
куəсі болған.
Қанға қараймай сан басты
бөлген қылышы,
Жалынға кірмей біткен бе еді
ерлердің ісі?
Жасымен елдің аты өшіп
залымдар қалды-ау
Кең далаға да сыймаған
кердең жүрісі.
Ерлік пен қулық. Батыр-рух.
Ақын-жыр. Өлім…
Осында алған деседі
ақырғы демін…
Мағжан АСҚАР,
«Дарын» мамандандырылған
мектеп-интернатының
оқушысы.