Бас тақырыпРесми

Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары 4 құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Тәжікстанда Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтті.

Сурет aqorda.kz

Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;

2. Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығының қорытындылары туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;

3. Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;

4. Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі.

Басқа материалдар

Back to top button