Жаңалықтар

Құшағыңды аш, мектебім, мен келемін!

Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ Үкімет отырысында жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталатынын айтты. Соған сәйкес, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау үшін арнайы санитарлық шаралар қабылданды.

Барлық мектеп, колледж, университет қызметкерлері мен білім алушылары бетперде киюге міндеттелді. Білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтеу,
дезинфекция шаралары жиі өткізіліп тұрады. Ал, білім ордасына кіру үшін Ashyq жүйесінен өту – міндет. Сонымен қатар, барлық мектепте қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, үзіліс уақыты әртүрлі уақытқа белгіленеді. Оқу мекемелері «бір сынып – бір кабинет» қағидаты бойынша
жұмыс істейді. Ал, бұқаралық шараларға тыйым салынды. Оқушы немесе ата-анасы індет жұқтырса, немесе денсаулығы бойынша тәуекел топқа жатса, онда олар уақытша қашықтан білім алады. Ал, балабақшаларда 20-25 баладан аспайтын топтарға штаттық режимде жұмыс істеу ұсынылды.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button