Қарағандының «Террикон алқабында» ІТ мамандарды даярлауда өзіндік бағыт бар
IT-индустрия – әлемдік экономикада қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Зияткерлік өнім экспортымен Орталық Азияда көш бастап тұрған Қазақстан бүгінде дамыған елдеде жоқ тың тетіктерді, жаңа жобаларды жүзеге асырып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылға қарай 1 млрд долларға дейінгі сомадағы ІТ-қызметтер экспортымен елімізді әлемдік деңгейдегі ІТ көшбасшыға айналдыруды тапсырған болатын. Қазақстан белгіленген межеге жақындап қалды. Биыл сала экспорты 881 млн долларға жетті. Мемлекеттің белсенді саясатының арқасында IT-салаға қызығушылық артып, техниканың тілін білетіндер көбейді, цифрландыру дәуірінде ел игілігін көретін инновациялық стартаптар көптеп жасалуда. Ал, ІТ саланы дамытуда Қарағанды өңірінің үлес салмағы қандай?

ЖИ-ге негізделген жобалар бар
Мемлекеттің басты міндеті – бүгінде жеке ІТкомпаниялар мен стартаптарды белсенді қолдап, инновациялық инфақұрылымды дамыту болып отыр. Қазақстан технологиялық кәсіпкерліктің қырсырына үңіліп, халықаралық нарықта бой көрсету үшін жаңа тетіктерді белгілеуде. Сондай-ақ, ІТ саласындағы жеке бастамаларды мемлекеттік тұрғыда қолдауды қолға алды.
Күні кеше Қазақстан Дубайда өткен GITEX GLOBAL 2025 ірі әлемдік технологиялық көр- меге қатысып, стартаптардың басын біріктірген, жасанды интеллект саласындағы жобаларды да йындаған 20дан аса компаниядан тұратын ұлттық павильонын ұсынды. Жобалар қатарында ЖИге негізделген инсульт диаг
ностикасына талдау жасап, дәрігерлерге көмектесетін Cerebra.ai жобасы, өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ететін BEST vision Technologie, BilimApp білім беру сервисі, Орталық Азиядағы жалғыз қазақстандық Ghalam компаниясы, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жасалған Alaqan
жобасы бар. Мұны Сауда және интеграция министрлігі QazTradeпен бірлесіп жүзеге асыруда. Дубайдағы көрме Қазақстанның танымалдылығын арттырып қана қоймай, стартаптардың жаһандық нарыққа шығуына жол ашады. Мұнда еліміз шикізатты ғана емес, зияткерлік өнімді де экспорттайтын ел ретінде көзге түсті. Мұндай ауқымды іс Президенттің биылғы Жолдауында белгіленген басымдықты айқындады. Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар елдің экономикалық өсуі мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің жаңа драйвері болуға тиіс» деп атап өткен еді.
Еліміздің ІТқызметтері экспортының елеулі бөлігін Astana Hub технопаркі құрайды. Орталық Азиядағы ең ірі цифрлық орталыққа айналған Astana Hubтың биылғы экспорты $620 млнға жетті. Қазақстанның ІТ қызметтерінің экспорты 881 млн долларды құраса, ондағы Astana Hubтың салмақүлесін бағамдай беріңіз.
Мұнда ІТбизнес, стартаптар мен халықаралық цифрлық жобалар жасалады. Қазақстандық стартаптар АҚШ, Ұлыбритания, БАӘ және Қытайдағы халықаралық хабтарда өз жобаларын ілгерілетуде.
Өңірлік IT-хабтың екпіні
Astana Hub бағытын негізге алып, 2021 жылы Қарағандыда алғашқы өңірлік ITхаб «Террикон алқабы» ашылған еді. «Террикон алқабы» бүгінде өңірлерді біріктіретін технологиялық көпірге айналды. Аталған ІТхаб өңірдің цифрлық экожүйесін ғана емес, отандық саланы дамытуға үлес қосып келеді. Мұнда акселерация, инкубация, білім беру, комьюнитидамыту және инвестиция тарту процестері бір жерде шоғырланған. Яғни, ІТхаб технологиялық кәсіпкерлікті дамытып, ІТ мамандарын даярлайды, стартаптар мен фрилансерлерге қолдау көрсетеді.

Өңірлік ІТхабтың өршіл мақсаты – Қарағандыны Қазақстанның цифрлық хабтарының біріне айналдыру. Бүгінде орталықтың өз жетістіктері де бар.
– Биыл алғашқы тоқсанда біз 30дан астам ісшара өткізіп, 1700ден астам қатысушыны қамтыдық. Акселерация мен инкубация бағдарламалары арқылы 42 стартапқа нақты қолдау көрсеттік. Бұл – үлкен жетістіктің басы ғана, – деді «Террикон алқабы» ІТхаб директоры Сабыр Ниязов.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін 100ден астам ІТ және Digital ісшара өткізіп, 10 мыңнан астам қатысушыны қамтуды, 250 ден астам стартапты қолдауды, 100 млн теңгеден астам грант пен венчурлік инвестиция тартуды, бизнесангел клубы негізінде вен- чурлық қор құру жоспарда бар. Сонымен қоса, StartUpBlink жаһандық рейтингінде TOP400 стартапэкожүйелер тізіміне енуді мақсат етуде.
– Біз студенттерді, мамандарды, инвесторларды және мемлекеттік орган өкілдерін біріктіріп,
нақты экономика секторы үшін тиімді жобалар жасаймыз. Жергілікті цифрлық экожүйені дамыту – басты бағытымыз. Бұл бағытқа білім беру курстары, хакатондар, акселерация және инвестициялық
бағдарламалар кіреді, – деді хаб мамандары.
«Террикон алқабы» бүгінгі күнге дейін 25тен астам бизнес бағдарлама (инкубаторлар мен акселераторлар) өткізді, олардың түлектері жалпы көлемі $3,5 млн нан асатын 600ден астам стартап жасады. «Террикон алқабы» түлектерінің өнімі Канада, Франция, БАӘ және басқа да 20дан аса елде ұсынылған. Бұл өңірлік хабтың айқын жетістігі болып отыр. Сонымен қоса, «Террикон алқабы» жас командаларға қолдау көрсетіп, олардың цифрлық идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі. Бұған дейін ІТхаб AI, 3D, GovTech және MedTech бағыттарындағы жобаларды жүзеге асырды.
Мәселен, олар мемлекеттік сатып алуды автоматтандыратын PromControl платформасын жасады. Қарағандылық фрилансерлер шетелдік компаниялардың тапсырыстарын орындайтын BPOорталығы да дәл осы жерде құрылды. 2026 жылға қарай орталықты кеңейтіп, қашықтан жұмыс істейтін 500 маманға көбейту жоспарда бар.
Өңірлік ІТхабта белсенді ІТқоғамдастық қалыптасты. Бүгінде әлемге танымал қазақстандық компаниялар Kaspi.kz, Kolesa Group, Playrix, Wooppay, Damumed өкілдерінің, аймақтық прокуратуралар мен агенттіктердің қатысуымен ірі форумдар мен хакатондар өткізіліп келеді. «Террикон алқабы» орталығының арқасында өңірде ІТбілімнің тілін білетіндердің саны артып, саладағы жолын ашуға жәрдемдесті. Жыл сайын 13 мыңнан астам адам ІТсаланың жиындарына, дәрістеріне, шеберлік сабақтары мен конференцияларға қатысады. «Террикон алқабының» ІТмамандарды даярлауда да өзіндік үлесі бар. Мұнда 2021 жылдан бері 2600ден астам адам дайындаған. Олар ІТхабтың білім беру бағдарламаларына қатысып, Python, SQL, UI/UX, деректер аналитикасы, API, Vue.js, Figma, AIдизайн және басқа да сұранысқа ие бағыттар бойынша курстан өтеді. Курстарға, тіпті, мектеп оқушылары да барады, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер мен бизнес өкілдері қатысады. Әсіресе, ағылшын тіліндегі бағдарламаларға назар аударып, қатысушыларды ауылдық жерлерден көптеп тартуға көңіл бөледі.
Университеттегі ІТ-білімнің серпіні
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті – еліміздің ІТ саласын дамытуға өзіндік үлес қосып келе жатқан өңірлік оқу орны. Мұнда заманауи ІТ бағыттары бойынша бағдарламалау, киберқауіпсіздік, деректерді талдау және ЖИ салаларында мамандар даярланады.
Былтырғы оқу жылында 197 түлек ІТмамандығын алып, жұмысқа орналасқан. Университетте ғылымизерттеу және инновациялық жобалар белсенді дамып, стартаптар мен цифрлық технология зертханалары құрылуда. Жетекші отандық және халықаралық ІТ компаниялармен ынтымақтастық орнатып, тәжірибеге бағытталған білім беру жүйесін енгізуде.
– Қарағанды техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінде 2081 студент бакалавриатта және 71 магистрант білім алуда. Университетте барлығы 6601 студент болса, оның әрбір үшінші студенті – ІТ мамандығын таңдаған. Магистратураға жыл сайын 40 студент қабылданады, осыншама түлек бітіріп шығады. Олар өңірлік және басқа да облыстардың кәсіпорындарымен бірлескен жобаларды жүзеге асырады, – делінген Қарағанды техникалық университеті берген ақпаратта.
Қазақстандағы ең ірі ІТкомпаниялардың тізгінін ұстайтын, сонда қызмет етіп жүрген бір топ қызметкерлер осы университеттен түлеп ұшқанын да айта кеткен жөн. Мәселен, Наталья Киль «Дамумед» цифрлық жүйесін құруға атсалысқан университет түлегі. Ол Қарағанды диагностикалық орталығында инженербағдарламашы болып еңбек жолын бастап, еліміздегі ең ірі ІТ компаниялардың бірі «Даму» ақпараттық технологиялар орталығының топменеджеріне дейінгі қызметтік жолдан өткен. 2012 жылдан бастап «Дамумед» командасының мүшесі, денсаулық сақтау саласын цифрландырудың көшбасшысы.
Мұндай мысалдар жетерлік. Қарағанды облысы еліміздің ІТсаласының қарыштап дамуына, цифрлық экожүйені құруға өзіндік үлесін қосып, саланың бағыты мен бағдарын айқындап келеді. Бұл жолда өңірлік ІТхаб пен ІТмамандарын даярлайтын өңірлік оқу орындары, ІТмектеп тер табанды еңбек етіп келеді.
Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ
«Ortalyq Qazaqstan»