Бас тақырыпБасты тақырып
Қарағандының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі 12 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгерді
Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 8 қазаннан бастап Қарағандыдағы Е.Бөкетов көшесіндегі жол құрылысы мен қиылыстарын жөндеу жұмыстары басталды. Осыған орай С. Мұқанов көшесінің бір бөлігі жабылды. Мердігерлер жолдың негізгі бөлігін салып, жаңа асфальт төсейді.
Соған сәйкес қоғамдық көліктердің де бағыттары өзгереді:
№33, 70 автобус маршруттары Күнгей кентінің жолымен жүреді.
№19, 56, 65 маршруттары Республика және Кеншілер даңғылы көшесіне бағытталады.
№45 автобус Республика даңғылы көшесімен жүреді (кей аялдамаларға тоқтамайды)
№16 маршрут – Тәттімбет көшесі, Шахтерлер даңғылы, Достық үйі жанымен қозғалады.
№012, 02, 29, 011, 7 қоғамдық көліктерінің бағыттары да өзгереді.
Аяулым СОВЕТ