Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандының «Нәтиже Сүт Фабрикасы» үздік халал кәсіпорын атанды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда өтіп жатқан «HALAL EXPO-2025» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімінде үздік халал кәсіпорындар мен мамандарды марапаттады.

Суреттер muftyat.kz

Марапаттау рәсімінде халал индустриясын дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпорындар, сапалы өнім өндірушілер, сонымен бірге халал стандарттарын жетілдіруге атсалысқан мамандар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Бұл игі дәстүр адал еңбекті ынталандырып қана қоймай, халал саласында сапаны арттыруға және әділ бәсекелестікті дамытуға серпін береді.

«Үздік халал кәсіпорындар» қатарында «Молочные истории-А» ЖШС, «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС, «Кондитерский дом Kulikov», «Балмуздак» ЖШС, «ҚАРҚЫН-2030» ЖШС, «AQNUR» ШҚ, «ADIL_SAUDA» ЖК, «Qulpynai Production» ЖШС бар. 

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button