Ресми

Қарағандының үлесі басым

Еліміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған және халықтың өмірін жақсартуға бағытталған жаңа экономикалық модельге көшуді бастады.

Ол үшін еліміздің мықты өнер­кәсіптік негізін қалыптасты­руға баса маңыз берілген құры­лымдық экономикалық реформалар белгіленді.

«Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда. Бұл ретте металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға ай­рық­ша назар аударған жөн. Бас­қаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын клас­тер құру керек», – делінген ел Президентінің халыққа Жолдау­ында.

Өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 488 млрд. теңге болатын 126 жаңа жоба іске қосылды. 8,9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Жұмысқа орналастыру шараларымен қалалар, моноқалалар және ауыл тұрғындары қамтылуда.

Негізгі және маңызды жобалар қатарында Қарағанды облысында ашылған бірнеше жоба бар.

Қараша айында Қарағанды ​​об­лысында арнайы кокс шығаратын ауқымды жоба техникалық түрде іске қосылды. Қуаттылығы жылына 400 мың тонна болатын кәсіпорында 184 жұмыс орны ашылды. Арнайы кокстан бөлек, зауытта жылына 72 мың тонна көмір шайыры мен көмір майын өндіру де жоспарланып отыр.

Қараша айында Саран қала­сының индустриалдық аймағындағы Silk Road Electronics зауытында отандық тұрмыстық тех­ника өндірісі ашылды.

Автоматтандырылған кәсіп­орында Artel брендімен сужылыт­қыштар, шаңсорғыштар, ас үй плиталары, шағын пештер, ас үй ауасын тазартқыштар, жартылай автоматты кір жуғыш машиналар мен теледидарлар сияқты жеті түрлі өнім шығарылады. Зауыт 2025 жылға қарай толық қуатына шыққанда жылына 1,1 млн. дана өнім шығаратын болады.

Қарағанды ​​облысында ашыл­ған тағы бір маңызды жоба – қуаттылығы жылына 330 мың тонна әк шығаратын зауыт. Импортты алмастыруға зор үлес қосатын кәсіпорынға «Қа­рапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы ая­сында қолдау көрсетілді. Зауыт республиканың әктасқа қажеттілігін толық жабады деп күтілуде.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ
Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button