Спорт

Қарағандының күштік құрылымдары арасында волейболдан турнир өтті

Қарағанды облысының Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай өңірдің күштік құрылымдары арасында волейболдан турнир өтті.

Суреттер: Полиция департаментінен

Жарысқа облыстық ПД-нен, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінен, Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен, Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасынан, Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен, Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы полицияның желілік бөлімі мен «Орталық» өңірлік қолбасшылығынан, ҚР ІІМ Қарағанды академиясынан жалпы саны 9 команда қатысты.

Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Дәурен Ибраев құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығының маңыздылығын атап өтіп, спортшыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға жеңістер мен жоғары нәтижелер тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша облыстық Полиция департаментінің командасы үздік деп танылды, ІІ орынды Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, ІІІ орынды ҚР ІІМ Қарағанды академиясы иеленді. Сонымен қатар, «Үздік шабуылшы» номинациясына – Қанатбек Әбілдин (Төтенше жағдайлар департаменті), «Үздік ойыншы» номинациясына – Айбол Ескелді (облыс ПД) ие болды. Жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен марапатталды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button